л и н г в. Бір тілдегі сөздер мен фразеологизмдердің мағынасын түсіндіруді мақсат ететін сөздік. Көп елдерде ұлт-тық тілдің т ү с і н д і р м е с ө з д і к т е р і н жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаға енеді (ҚҰЭ). Бір тілді сөздіктерге – т ү с і н д і р м е с ө з д і к т е р, ал екі тілді сөздіктерге аударма сөздіктер жатады (Қаз. тілі энцикл.). Қазіргі кезде «Қазақ тілінің т ү с і н д і р м е с ө з д і г і толықтырылып, шығару ісі жүзеге асырылуда. Аталған сөзтізбеге кіретін сөздік бірліктерінің құрамын, лұғаттық мақаланың құрылымы мен құрылысын айқындауда, дереккөздерді талғаптаңдауда, сөздік бірліктердің мағынасын түсіндіруде бұл көптомдық еңбектің орны айрықша болатындығында сөз жоқ (Қаз. тілі. диалект. сөздік).