Түсіру

lat: Túsirý

Түсір етістігінің қимыл атауы.

1. ұстау, қолға түсіру, ие болу.

Қайдам, торғайды тұзаққа түсіру үшін тары шашушы еді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Қолға қару түсіру үшін, қаланы алмай болмайды (М.Жұмағұлов, Қыран.).

2. к е н. Тазартып қазып алу кеңістігінен немесе сақтау орнынан жүйелі түрде жарылған пайдалы қазылымдарды өз салмағымен тік қазба арқылы түсіріп (ағызып) алу.

Қазып алу жүйесіне қарай жарылған кенді түсіру барысында ол үстінде жатқан бос таужыныстармен араласады да, оның жоғалымы мен құнарсыздануы артады (Қаз. тілі термин. Кен.).

3. и н ф. <ағыл. preemption, outswap, swap out> Көп есепті жүйелерде маңызы жоғары басқа есепке орын босату мақсатында ағымдағы есепті жедел жадтан дискіге жылжыту; процестің немесе есептің күйін сыртқы жадта сақтау (Қаз. тілі термин. Информатика.).