lat: Túski as
Түс мезгілінде ішетін тамақ.
Түскі астан соң келемін деген уақытта кітабымды алып тысқа шықтым (Ә.Көпбаев, Мақтаныш).
Бақшада түстік астың алдында сәскелік беріледі (М.Мағауин, Бір ата.).
Бурин түскі астан соң кабинетіндегі диванға жатып, екі сағаттай ұйықтап тынығып алады (Ж.Тілеков, От кешу).