lat: Tústi metalýrgıa ónerkásibi
Темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен.
Түсті металлургия өнеркәсібінің негізін физика және химиялық қасиеттерімен ерекшеленетін жеңіл (алюминий, магний, барилий, литий т.б.), ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш т.б.), баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий т.б.) асыл немесе құнды (алтын, күміс, платина және платиналы металдар), шашыранды (галлий, индий, таллий), сирек кездесетін (скандий, иттрий, лантан, лантаноидтар) және т.б. жер қыртысында орналасқан металдар құрайды (ҚҰЭ).