lat: Tústik
з а т. 1. Түс кезінде ішіп-желінетін арнаулы тамақ, түскі ас.
Дүние қу – бір ағын су. Түстік онда шөп болып, Күнде арамыз, сандаламыз Бейнетіміз көп болып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Әнеугүні әкең ауылға келгенде біздің үйден түстік жеп кеткен (К.Тоқаев, Түнде.).
2. а у ы с. Түске дейінгі уақыт.
Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі – “Түстік өмірің болса, күндік мал жи”, “Өзіңде жоқ болса, әкең де жат!”, “Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз!..” деген осындай сөздері есепсіз толып жатыр (Абай, Тол. жин.).