lat: Tútik
з а т. 1. Іші қуыс, сырты жұмыр, жіңішке құбыр.
Түтік– бутартқыш (Ө.Жәнібеков, Жолайырықта).
Оттығы қып-қызыл болып, шоқтығындағы жіңішке түтіктерінен пысылдап бу шығып тұрған паровоз ішін тартып қалғандай болды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
2. с а я т. Құстың ішін шаю үшін, су беру үшін тырна жілігінен немесе ағаштан бір басын жайпақ ауызды етіп жасаған түтік (А.Сейдімбеков, Аққыз).