Түтінді мұнар

lat: Tútindi munar

ә с к. өртенген орманның, шымтезектің т.б. өртенуінің түтіндерінен немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көліктердің шығарындыларынан қалыптасатын мұнар.

Түтінді мұнар қазіргі кезде антропогендік мұнардың әр алуан түрлері мекенделетін құрлықтың барлық кеңістігінде таралған (Қаз. тілі термин. Экология.).