lat: Tútindik
з а т. 1. Түтін жолы, мұржа.
Мен үйдің төбесіне шығып, шошаланың түтіндігінен қарасам, май қайнап, бауырсақ быжылдап пісіп жатыр екен (С.Бегалин, Сәтжан.).
2. Қорадағы малды маса-шыбыннан қору үшін дымқыл тезек, отынды тұтатып, түтіндетіп қоюшылық. Баламен бала болғанша, ана сырттағы түтіндікті қозғап кел! – деп, көкем күңк етті (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).