Түзеу, жөндеу, оңдау, дұрыстау, оқау

lat: Túzeý, jóndeý, ońdaý, durystaý, oqaý sóıl.

Жөнге келтіріп, дұрыс қалыпқа. түсіру.

Асанов берген әмірінің қате екенін сезсе, соның қисынын тауып білдірмей түзеп жіберетіні бар (3. Шашкин).

Жеуді білген батыр, оның ізін жасыруды да, документті жөндеуді де біледі (Б. Қыдырбекұлы).

Бекболат екі жігіттің үзеңгі, ауыздықтарын да оңдап берді (С. Шарипов).

Сөзін дұрыстап сөйлей алмай, жиналғандарды үркітіп алмаса жарар еді (Б. Тоқтаров).

Қыры кеткен шаруаны қайтадан қалпына келтіріп, оқау мәселесі оңайға соқпады (Ауызекі тіл).