Түзілім

lat: Túzilim

з а т. ә д е б. 1. Бір нәрсенің құрылымы, мазмұны.

Дастанның композициялық түзілімі ұтымды, нақты-нақты көрініс-оқиғалар арқылы майдан ақиқатын пионерлер ұғымына лайық баяндаған (М.Әлімбаев, Қалам.).

2. г е о л. Қосынды, түзіліс.

Су, жел, мұз, организмдер сияқты түрлі табиғи факторлар әртүрлі тау жыныстарына әсер етіп, оларды бұзады. Осындай мүжілу мен үгілу нәтижесінде әртүрлі шөгінді түзілімдер қалыптасады (К.Сапарбайұлы, Геология.).