lat: Týý
Ту етістігінің қимыл атауы.
1. Өмірге келу, жаратылу.
Бірқатар қос мекенділергетірі туу тән қасиет (X.Қыдырбаев, Қазақст. хайуанат.).
2. Пайда болу, жарыққа шығу, туындау.
Қазақ совет әдебиетінің алғашқы туу, қалыптасу кезеңдерінде елімізде ұлы өзгерістер болды (Ф.Оразаев, Басты.).
Фантастикалық жылдамдықпен есептеу үшін жарық қуатын пайдаланса қайтер екен деген идеялар бар. Мұндай идеялардың тууына себеп мынау (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).