а) Адамның дүниеге келген күні. Президентті т у ғ а н к ү н і м е н құттықтауды да естен шығарса керек («Жас Алаш»). Осы жерде халық жазушысына Ұлттық кітапхананың бас директоры Роза Бердіғалиева құрмет билетін, ал Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Айталыға оның т у ғ а н к ү н і н і ң кітапхананың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келіп отырғанына байланысты «Астана» кітабын табыс етті («Парасат»). Биыл қыркүйектің 22-жұлдызында қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 80 жасқа толады. Бұған дейінгі 50-ге, 60-қа, 70-ке, 75-ке толған меретойларын саналы түрде атап өтпеген қаламгер бұл жолы да т у ғ а н к ү н і н тойламайтын сияқты («Ана тілі»). ә) Қаланың т.б. қурылған, іргесі қалажан мәртебесі өзгертілген күн. Астананың т у ғ а н к ү н і қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды («Егемен Қазақстан»). б) Кез, жағдай. Осы Жезқазғанның құлдырап, жабылып қалу қаупі т у ғ а н к ү н і н де көрдік («Жас Алаш»).