Ту сырты

lat: Tý syrty

Дәл арты, арт жағы, арқа тұсы. Айқайлады т у с ы р т т а н Қара батыр: Шық, әйтпесе, туғызам заман ақыр. Шық, болмаса жанақтан өрт қоямын, Айтқаныма көнбесең қара да тұр! (С.Мәуленов, Алыс кет.). Алдампаздар ала қашты күлкімді, Жарым түнде бөлді менің ұйқымды. Жұдырықтардан т у с ы р т ы м н а н түйілген Жотам менің дірілдейді біртүрлі (Т.Молдағалиев, Шақырады.).