lat: Týnel
[ағыл. tunnel] з а т. Теміржол, автотрасса құрылыстардың тау немесе жер астынан өтетін бөлігі.
Айнадай жалтыраған тас жол оқтын-оқтын ұзындығы екі-үш километрге созылатын туннельдерден өтеді (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.).
Финдер бұл маңда бірнеше туннель қазып, жер астынан қатынас жолдарын салған екен (Ә.Бектемісов, Майдангер.).
Туннель – көліктің жүруіне, суды өткізуге, қала шаруашылығы желілерін өткізуге арналған жер асты (су асты) имараты (Қаз. тілі термин. Тамақ.).