Туризм

lat: Týrızm

[франц. tourіsme] з а т. Тынығу және қызғылықты жаңа аймақтарымен, объектілерімен танысу мaқcaтын көздеген кез келген (бір күндік, көп күндік, шалғай не жақын жерлерге) саяхат.

Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемгетанытуға мүмкіндік туғызады (Қаз. тілі термин. Экология).

Педагогикалық практика алдында студенттер «Мектеп туризміне педагогикалық басшылық» курсын өтті («Қазақст. мект.»).