Туып-өс

lat: Týyp-ós

е т. Дүниеге келіп, ер жету.

Кісінің туып-өскен жері қымбат, Үйренген бала жастан елі қымбат. Ата-анаң, аға-жеңген қадірлеген Тебіскен құлын-тайдай теңі қымбат (М.Дулатов, Шығ.).

Жайлап, қыстап бала жастан мекен етіп, туып-өскен ерде қандай арман болды екен? (Ғ.Сланов, Алтай.).

Адамның кіндік кесіп, кір жуған туып-өскен жері қандай ыстық (М.Тоқжігітов, Куәгер).