Туысқандық

lat: Týysqandyq

з а т. Туыстық, бауырлық.

Бостандық, теңдік, туысқандық болғаны рас болса, біз: қазақ, бурят, енді бұл зорлыққа көнбейміз (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Міне, біздегі асқан достық пен туысқандықтың сыр сипаты осындай (З.Қабдолов, Сыр).

Е, үйге тарпай, осы екі ортада туысқандықтарың ұстамай-ақ қойса қайтеді? (Ә.Ибрагимаов, Наз).

Қалып тұр қазағымнан туысқандық, Заман ба, пенде азды ма суысқандық (Ә.Найманбаев, Шығ.).