Туыстық, тумалық, туысқандық

lat: Týystyq, týmalyq, týysqandyq

Туыс болушылық, соған қатысты.

Қоспан мен Мінайдың туыстығы болмаса да, бірге туылғанға бергісіз (Т. Ахтанов).

Бәрі безген соң тумалығым ұстап, оны қасыма алып едім (Ә. Сәрсенбаев).

Ісләмнің бұл екеуіне істеген туысқандық көмегі осы болды (Ш. Мұртазаев).