бір әкімшілік-аумақта бір мезетте бірнеше тіл пайдаланылатын күрделі тілдік ахуалды сипаттауда қолданылатын әлеуметтік лингвистикалық ұғым. Көптеген тілдік жағдаятта тілдер (немесе бір тілдің әртүрлі өмір сүру формалары) тігінен орналасқан тілдік континуум құрайды, оның жоғары деңгейінде әдеби тіл немесе ресми тіл орналасса, ортаңғы деңгейінде – топтар аралық бейресми қатынастағы тілдер (немесе карапайым сөйлеудегі койне), төменде – отбасылық қатынастағы немесе достар арасында не ұжымда қолданылатын тілдер (көбінесе бұл – тар шеңберде ғана сақталған, тек аға буын арасында қолданылатын дәстүрлі говорлар) орналасуы мүмкін. Осы әрбір деңгейге қатысты «акролект-мезолект-базилект» деген үшем термин қолданылады.