ТІК

lat: TİK

сын. 1. Тіп-тік, түп-түзу; тікесінен .

Жалғызаяқ бағаналар тұрды тік ,

Бүкіл дүние бір нәрсені тұр күтіп.

Түртіп қалсам телеграф сымдарын,

Азан салып кетер ме екен тіл бітіп?! (3,249).

Біресе су жағасындағы құрақтай қалтыраса,

біресе тымық күнгі құйындай көкке тік шаншылады (4,193).

Тамұқтың баспалдақтары бірде тік,

құлама, бірде оңтайлау болып жер шыңырауына түсіреді (5,167).

2. сөйл. Тіке.

Толықсыған талма түстің шағында,

Ғарыштан тік нұр төгілген, жағылған.

Миллион көз бағып алтын күймені,

Миллион көз қуанышпен бағынған (4,10).

Біздер тұрған көпірдің жақтауына тоқтады,

Бас көтерген қолын тік маған қарай оқтады;

Маған деген айтылмыш әңгімесін соққалы (5,135).