ТІЛІК

lat: TİLİK

сын. 1. Тілінген, кесілген.

Баланың сол жақтағы тілік құлағының жартысы салпылдап тұр (М.Әуезов, Қараш.).

Сол бет жағын сопақша сойып өткен, оң жағында қиғаш тілік (С.Талжанов, Ұлдай.).

Мен болсам жауыр құйрық,тілік табан шабарманмын (С.Бақбергенов, Қарға там.).

2. Құлағына тіліп салынған ені бар.

Бір құлағы тілік қойдың бәрі менікі бола беріпті (М.Тиесов, Дала.).

Құлағы тілік қара қозы сіздің босағаға қайдан байланыпты, ағасы? деп сұрады аңшы («Қаз. әдеб.»).