тіл білімінің негізгі зерттеу нысанасы. Тіл деп адамның табиғи тілін атайды (жасанды және жануарлар тілінен бөлек). Тілдің пайда болып, өмір сүруі ең алдымен адамның пайда болып, өмір сүруімен байланысты. «Тіл» терминінің өзара байланысты екі мағынасы бар:
1) Тіл – жалпы алғанда таңбалар жүйесі;
2) нақтылы тіл яғни, этникалық немесе «идиоэтникалық» тіл – нақтылы белгілер жүйесі ретінде уақыт пен кеңістікте өмір сүретін, белгілі бір қоғамның тіл; Қоғамның даму барысында пайда болып, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын семиотикалық (таңбалық) жүйе. Бұл жүйе жеке аам үшін емес, қоғам үшін қажет болады. Тіл бірқатар қызмет атқаратын жүйе, оның қызметтерінің ішінде ең бастылары – информация (хабарды) жасау, сақтау және тарату.
Тіл –адамды қоршаған орта туралы, адамның өзі туралы білімді сақтау үшін қажет (эпистемиялық қызмет). Бұдан басқа жаңа білім игеру де тіл арқылы жүзеге асады (танымдық немесе когнитивті қызмет).
Тіл - адамдардың негізгі байланыс құралы (коммуникативтік қызмет). Нақтылы тілдердің мынадай негізгі әлеуметтік түрлері бар: идиолект – жеке адамның тілі; говор - шағын топтың тіл; диалектіговорлар жиынтығы; Қалыптасқан көзқараста тілдің ең жоғарғы түрі – әдеби тіл деп саналады. Әдеби тілде қызметтік стильдер, тұрақты нормалар болуы қажет деп есептелінеді. Жер бетінде 5000-7000 тіл бар деп айтылады. Тілдің көп болуы әрине кездейсоқ нәрсе емес, өйткені тілдің табиғаты туралы мәселе әлі өз шешімін тапқан жоқ, сонымен қатар тіл лексикалық жүйесі жылдам өзгеріске ұшырайтын құбылыс екені де белгілі. Тілді арнайы сақтап тұратын жүйе жасалмаса (мысалы, классикалық араб тілі), ол өзгеріске түседі. Өзгерудің себептері әлі де ашылған жоқ, болжам деңгейінде, ол тілдің табиғатына байланысты делінеді. Ғылыми –техникалық прогресс дәуірінде жалғыз, бәріне ортақ тілдің қажеттілігін қоғамның әлеуметтік дамуы керек ететіні де рас. Бірақ қазірде көптеген тілдер қайта жаңарып, өз дәрежесіне лайық даму үстінде. Бұл үрдіс ортаршылдық саясаттың күйреуінің салдары екені сөзсіз. Барлық әлем тілін туыстығына, яғни шығу тегіне қарай бірнеше топқа жатқызуға болады. Сөзжасам мәселесі анықталатын жағдайда тілдер туыстығы туралы қағиданы қайта қарастыруға тура келеді.