ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР

lat: TİL TÝRALY ZAŃDAR

тіл саясатының заңдылық формасы; белгілі бір мемлекет шегіндегі тілді/тілдерді қолдануды реттейтін заңдар, конституцияның жекелеген баптары т.б. Контитуция белгілі бір тілді қолдануға жалпы нұсқау және кепілдік береді, ал заңдылық актілер оларды нақтылай жүзеге асырады. Парламент және Үкімет жанынан арнайы комссиялар құрылады, мыс., Түркия лингвистикалық Қоғамы, Индия Парламенті жанындағы ресми тіл мәселері бойынша Комиссия, ФРГ сыртқы істер министрлігі жанындағы неміс тілі жөніндегі Жұмыс тобы, Франциядағы француз тілі жөніндегі Жоғары комитет, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы орыс тілі бойынша Кеңес т.б. Қазақстанда заңдылық негізде (Конституция, тіл саясатының тұжырымдамасы, тіл туралы заң т.б.) мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, жаңа тілдік жағдаят қалыптасуда, сонымен бірге тілді жаңғырту мен нормаландыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Тіл саясаты бағытын реттейтін Қазақстандық тіл туралы заңдардың және басқа да мемлекеттік құжаттардың негізгі ерекшелігіне олардың полисубьектілік сипатта болуы жатады, өйткені бұл заңдар тек титульдық ұлт тілінің ғана емес, Қазақстандағы орыс және өзге тілдердің дамуы мен өркендеуін реттейді.