ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ

lat: TİL TAZALYǴY

ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. А.Байтұрсынұлы орыстың жақсы жазушылары а) ескірген сөздерге жоламаған; ə) жаңадан шыққан сөздерден қашқан; б) өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан; в) жергілікті сөздерге, яғни, бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламағанын ескерте келіп, қазақ əдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта ақын-жазушылардың қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамайтынын, жергілікті сөзден қашпайтынын айтады. Бұл орайда ғалым жатшылдықтан (жат сөзшілдіктен) мықтап қашу керектігін ескерте келіп: «Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт «өз тілінде жоқ» деп мəдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыраараластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мəдени жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пəн сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Сонда біздің əдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады», дейді.