тіл түрі, модификацияланған (түрі өзгерген) инвариант ретінде ұғынылатын тілдің өмір сүру формаларының бірі, ол мыналарды қамтиды: 1) тілдің жүйесі мен құрылысы; 2) тіл нормасы. Тіл варианты түрлі экстралингвистикалық факторлардың әсерінен тілдің диференциациялануы нәтижесінде пайда болады. Тіл варианты сөйленім түрлері жағынан бөлектеуге болады (жекелік, әдеби стилдер), алайда тілдік және сөйленім түрлерін қарама-қарсы қоюға болмайды. Пайда болу себептеріне байланысты тіл варианты мынадай типтерге бөліп көрсетуге болады:
1) ұлттық тіл варианты – тіл тұтынушыларының аумақтық жекеленуі және түрлі аумақтық-мелекеттік құрылымдардың дамуы нәтижесінде пайда болады (мыс., Англия, АҚШ, Канада, Австралия т.б. елдердегі ағылшын тілінің ұлттық варианты);
2) этникалық тіл варианты (этнолектілер) – сол тілдің өзге тілмен байланысқа түсетін аумағында жүйелілік интерференцияның тұрақты әсерінен кейбір ерекшеліктерді қабылдау нәтижесінде пайда болады;
3) аумақтық тіл варианты (аумақтық диалектілер) – тұтынушылар бөлігінің аумақтық жекелену нәтижесінде пайда болған тілдің бір түрі;
4) әлеуметтік тіл варианты (әлеуметтік диалектілер, социолект) – қоғамның түрлі әлеуметтік жіктерінде қызмет ету үрдісінде пайда болған тілдің бір түрі (мыс., кәсіби жаргондар, копоративтік жаргондар, қарапайым сөйлеу тілі).