ТІЛДІҢ ЖАҢАРУЫ

lat: TİLDİŃ JAŃARÝY

өлі тілдерді қайта жандандыру бағытындағы мемлекет, лингвистер мен қоғамдардың шаралар жиынтығы. Тілдің жаңаруы ең жарқын мысалына Иврит жатады. Тілдің жаңаруы ісінің сәтті болғандарына Франциядағы өлі тілге айналып бара жатқан окситан және гаксон, британиядағы өлі мэн және корн тілдері жатады. Тілдің жаңаруымен байланысты жағдаят қарапайым проблема болып саналмайды, айталық, крон тілінің үш вариантының біреуін таңдау проблемасы шешілмеген: а) крон тілінің орта даму кезеңі мен орта ғасырлық әдебиет негізінде қайта жаңартылған унифицировалық крон тілі; (1200–1500 ж.ж.); ә) ХVІІІ ғ. жазбаша құжаттар негізінде қайта жаңартылған қазіргі крон тілі; б) ортағасырлық және қазіргі крон тілдері арасында өзіндік компромистік вариант ретінде танылатын жалпы қолданыстағы крон тілі. 1990 жылдарда крон тілінде шамамен 2000 адам әр түрлі деңгейде меңгерген. Әдет бойынша олардың барлығы ағылшын тілі мен крон тілінің бір түрін меңгерген билингвтер еді. Тілдің жаңаруы туралы бұрынғы Кеңестер Одағындағы көптеген тілдерге қатысты айтуға болады.