Көптілділік саясатының түрі, мұндайда жекелеген этностар басқа басым тілдің жəне/немесе Мəдениеттің пайдасы үшін өз тілінен жəне/немесе Мəдениетінен ерікті я мəжбүрлі түрде бас тартады. Тіл тілдік шовинизмнің, сегрегацияның, рухани-мəдени жəне Тілдік экспансияның қысымымен ерікті немесе мəжбүрлі түрде ассимиляциялануы мүмкін, бұл, əрине, шиеленіссіз (Конфликт) болмайды. Тілдік ассимиляция əдеттегідей, Билингвизмнің ұзақ кезеңінен кейін болады, салдарынан Этностық бірегейліктің жоғалуы (ауысуы), Тілдің ауысуы, Тілдің өлуі мүмкін (қар. Саны аз халықтар, Тұрғылықты этнос, Этностық фузия, Этнотілдік ахуал, Тілдік идеология, Тілдік саясат, Тілдік ахуал, Тілдік құқық).