ТІЛДІК ПАСПОРТ

lat: TİLDİK PASPORT

тілдік биография, тілдік мәлімет, тілдік паспорттан тұратын Европалық тілдік портфельдің бөлігі және Европалық Кеңестің қабылдаған түрлі тілдер мен мәдениеттерде өзін-өзі бағалауда, тілдік құзыреттілікке сыртқы баға ретінде қолданылатын құжаттар. Тілдік паспорт үйренген тілдегі тілдік дағдыны, меңгерту деңгейі мен қарым-қатынас жасау тәжірибесін көрсетеді. Тілдік дағдылар «шет тілін меңгертудің Жалпыевропалық құзыретінің» тілдік деңгейлер негізінде анықталады. Тілдік паспортта меңгерту деңгейінің көрсеткіштері (кестесі) бар. Тілдік паспортта жеке адамның тілді әр түрлі дәрежеде меңгерту дәрежелері санамаланып көрсетілген, сондай-ақ меңгерген тілге берілетін дипломдар мен сертификаттар тізімі берілген.