ТІРІ

lat: TİRİ

сын. Жаны бар, өмір сүріп жүрген (адам, жан-жануарлар).

Жатқан-ды түпсіз, терең сандырақта,

Одан саса қоймайды шал бірақ та:

«Балаң тірі, тірі екен хаты келді,

Қинама енді жаныңды, қалжыратпа» (1,266).

Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?!

Отырасың қасыма келесің де.

Сен өлгенсің, жаным-ау, мен тірімін ,

Мен тірімін. Тірімін! Көресің бе! (3,130).

// Зат есім мағынасында .

Ескі көздер бара жатыр азайып,

(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).

Ей, тірілер !

Соларды бір еске алып,

Тебіренейік, толғанайық, жазайық! (2,375).

Сәкен салған ән қосып жырға екпінін,

Солар менің жырымда жүрмек бүгін.

Тірілерін құрметтеп, өлілерін,

Тірілтуге өлеңмен міндеттімін (3,144).