lat: TİRKEÝ
1зат.1. Машина, тракторға қосып тіркелетін, дөңгелекті жабдық, тіркеме.
Түс кезінде қала жақтан, артында тіркеуі бар автомашина келген (С.Бақбергенов, Белгісіз.).
Онан соң трактор тіркеуіндегі шананы жем құятын кораның аузына өкеп туралап қойды (С.Мұратбеков, Көкорай).
Ұзаңқырап барып тіркеуді бір-ақ ағыттық (Е.Мырзахметов, Туған күн).