ТІТІРКЕНДІРГІШ

lat: TİTİRKENDİRGİSH

Организм күйінің бұдан кейінгі өзгерістерінің шарты болып көрінетін сыртқы не ішкі, ұғынылатын не ұғынылмайтын кез келген материалдық агенті. Тітіргендіргіш” ұғымы стимул” және сигналұғымдарына қатысты тектес ұғым болып табылады. Организм күйіндегі осы оқиға мен бұдан кейінгі өзгерістер арасында тіркелген себеп-салдарлық байланыс болғандай жагдайда Т. стимул ретивде, ал тиісті өзгеріс реакция ретінде көрінеді. Тікелей биологиялық мәнді (биогенді), аралық биологиялық мәнді тітіркендіргіштер деп сараланады. Абиогенді тітіркендіргіштер сигналдар ретінде көрінеді, өйткені организмді биогендік анықталмаған мәнді тітіркендіргіштерге қатысты бағдарлайды. Тітіргендіргіштер ретінде табиғаты әртүрлі материалдық агенттер көрінеді, оларды әртүрлі анализаторлардың арнайы жүйкелік ұштары, не тікелей кейбір органдар мен тіндердің жасушалары кабылдайды. Қарқындылығы бойынша тітіркендіргіштер жоғарғы, не төменгі абсолютті табалдырықтар түрінде болатын минимумнан максимумға дейін өзгереді. Тітіргендіргіштер адекватты және адекватты емес болып көрінуі мүмкін. Мысалы: тор қабық көзге жарықпен әсер еткенде де, сондай-ақ механикалық және электрлік әсер болғанда да көру түсініктерінің туындауына себептеседі.