ХІХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795¬1878) мен Г.Фехнер (1801-1887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді. Осы заң бойынша тітіркендіргішердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.