ТІЗІМДЕМЕ

lat: TİZİMDEME

білім алушылар мен талапкерлер үшін мынадай маңызды ақпаратты қамтитын білім беру ұйымы жыл сайын шығаратын құжат: оқу орнының тарихы; оның құрылымы; барлық әкімшілік қызметкерлер мен оқытушылардың, соның ішінде қызметті қоса атқаратындардың тізімі; түрлі дайындау бағдарламаларының сипаттамасы; осы институтты және жеке бағдарламаларды аккредиттеген ұйымдардың тізбесі; әртүрлі дайындық бағдарламаларына оқуға түсушілерге қойылатын талаптар; ауысу шарттары; академиялық ережелер; бағалар жүйесі; ғылыми дәрежелер мен біліктіліктерді беру шарттары; білім алушылардың мінез-құлық ережесі; білім алушылардың оқудан тыс қызметінің мүмкіндіктері; тұру шарттары; оқу құны; мүмкін болатын жеңілдіктер, шегерімдер және т.б.