ТІЗЕ

lat: TİZE

зат. 1 . анат. Адам мал аяғының артқа қарай бүгілетін буыны.

Қойдым деп енді өтірік даналықты,

Барамын да, құшамын тау алыпты.

Балағымды тіземе түремін де,

Жалаңаяқ іздеймін балалықты (1,164).

Қар аттың тізесінен түсті, толастамай әлі жауып тұр (4,100).

Бірақ мен көрдім сені, ауғармадың,

Кім білсін, әлденені армандадың?!

Қос тізесін құшақтап Айна жеңгей

Отыр екен... О, сұмдық! Таңғаламын (2,336).

2. Бұт киімнің тізеге дөп келетін жері .

Есіңде ме, жақпады қала бізге,

Ресторан бармадық арақ іздеп.

Тізесі қалталанған шалбарларға

Қыр салмадық қыздарға барамыз деп (2,339).

Белінде кісесі, басында тер сіңген жеңіл тақиясы, бұтында тізесі алға ұмтылған майлы тері шалбары бар (4,122).