lat: Tıpologıa
[г р е к. typos – үлгі, logos – ілім] з а т. Әртүрлі типті заттар мен құбылыстардың қарым-қатысын білдіретін топтау жүйесі.
Типология деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады (Мәдени-филос. энц. сөздік).
Соңғы жылдары жанр табиғаты, типология, стиль проблемасы, композиция – сюжет, поэтика, соны тенденция тәрізді өрнекті сөздің өте салалы, түбірлі ішкі құнары түбегейлі зерттеле бастады (Уақыт және қаламгер).