Бірнеше халықтың сөз өнеріндегі, әдебиетіндегі әдеби ағым, бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы, жалғас жақындығы. Мұндайұқсастың арасындағы мәдени байланыстың, тәжірибе алмасудың нәтижесі болуы, немесе, бірнеше елдің тарихи тамыр лас, тілі, дәстурлері сабақтас болуынан тууы мүмкін. Мысалы, орыс әдебиеті мен шығыс әдебиетінің үлгілері, сюжет, образдар қазақарасында таралуы мәдени ауыстүйіс түріне жатса, қазақ әдебиетіндегі көптеген сюжет, тақырыптардың түркі тілдес халықтар әдебиетінде кездесуі олардың мәдениетінің тарихи тамырластығынан туған ұқсастықты танытады. Типологиялық байланыс әдебиеттің даму заңдылықтарын олардың әлеуметтіктарихи жағдаймен сабақтастығын түсіну үшін өте қажет. Типологиялық байланысқа салыстырмалы әдісті қолданған ғалымдар (А. Веселовский, Вл. Рязанов, Вс. Миллер) көп көңіл бөлді. Сондайақ В. Жирмунский, В. Пропп, Н. Конрад сияқты ғалымдардың еңбектерінде бірнеше елдердің, соның ішінде Еуропа мен Шығыс елдерінің мәдениеті, әдебиеті арасындағы типологиялық байланыстар кең көлемде қарастырылады. В.Жирмунский зерттеулерінде қазақ халық эпосының басқа халықтардың эпикалық поэзиясыменсюжет, образдары жағынан үндестігі – жалғастығына ерекше мән беріледі. Типологиялық байланысты зерттеудегі ең маңызды принциптер қандайдесек, алдымен типологиялық ұқсастықтың тарихи негізділігіне көңіл бөлу, бүтіндей әдеби құбылыстар – әдеби бағыт, жанр, стильдік ағымдар бірнеше халықтың әдебиетінде ұқсас келетініне назар, аудару және типологиялық жалғастық, ұқсастық тілі, мәдениеті жағынан жақын халықтардың әдебиетінде ғана емес, одан әлдеқайда кең, халықаралық көлемде кездесетінін ескеру қажеттігін айтар едік. Ел мен елдің, халықтар дың арасындағы мәдени, әдеби байланысты, жалғастық жақындықты жанжақты, терең тексеріп таныпбілу өте қажетекендігі даусыз дей отырып, осы қыры мен сыры мол әдеби құбылысты бір қырынан алып қарастырудың ұтымды жолы типологиялық ұқсастықты, байланысты байыпты түрде зерттеу екендігін сөзсіз мойындаймыз. Ысмақова А.