Титул беттері

lat: Tıtýl betteri

бір парақты (екі беттен, парақтың оң және теріс бетінен) және екі парақты (кітап ашқандағы алғашқы торт беттен тұрады). Екі парақты титул парағының бірінші беті - авантитул деп аталады. Бұл бетті көбіне ашық қалдырады немесе баспаның атын және маркасын, девизін және т.с.с. басады. Екінші беті - контртитул немесе фронтиспис деп аталады. Контртитулда - соңғы мәліметтердегі (выходные сведения) кейбір бөлігі немесе аударма басылымдарда түпнұсқаның тиіулдық мәліметтері басылады. Контртитул негізгі титул парағында мәліметтер тым көп болғанда, К-да осы мәліметтерді бөліп басады. Контртитулдың тағы да бір мақсаты - кітаптың ашылуын созып, маңызын арттырып, салтанаттандыру.