кітаптағы бірінші парақ беттері. Титулда - оқырмандарға маңызды басты мәліметтер - кітап авторының аты-жөні, кітаптың тақырыбы, кітапты даярлаған баспа үйі және оның мекенжайы, кітаптың шыққан жылы және т.б. мәліметтер беріледі. Титул парағы - бір парақты (екі беттен, парактың оң және теріс бетінен) және екі парақты (кітап ашқандағы алғашқы төрт беттен) беттерден тұрады. Екі парақты титул парағының бірінші беті - авантитул деп аталады. Бұл бетті көбіне ашық қалдырады немесе баспаның атын және маркасын, девизін басады және т.с.с. Екінші беті - контртитул немесе фронтиспис деп аталады.