lat: TAÝ
з а т. Жер бетінен жоғары, көтеріңкі өркештене тізбектеліп, созылып жатқан құзды, құзартты биіктік.
Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер. Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! (М.Жұмабаев, Шығ.).
Үлкен, заңғар, биік Доғалаң деген тау болатын (М.Әуезов, Ақын аға).
Ұсынған оғы кетпеген, Тигені тұяқ серппеген, Бір атқышшыл сұмға кез болар! Аспанда ұшып шалқыған, Бөктерлеп тауды қалқыған, Мұздыбалақ, қанды көз, Аң көрмей қанат қақпаған (Базар жырау, Шығ.).