ТАУ

lat: TAÝ

з а т. Жер бетінен жоғары, көтеріңкі өркештене тізбектеліп, созылып жатқан құзды, құзартты биіктік. Т а у суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер. Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! (М.Жұмабаев, Шығ.). Үлкен, заңғар, биік Доғалаң деген т а у болатын (М. Әуезов, Ақын аға). Ұсынған оғы кетпеген, Тигені тұяқ серппеген, Бір атқышшыл сұмға кез болар! Аспанда ұшып шалқыған, Бөктерлеп т а у д ы қалқыған, Мұзды балақ, қанды көз, Аң көрмей қанат қақпаған (Базар жырау, Шығ.).