lat: TAÝARLARDY SYNYPTAÝ
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын (кодтарын) белгілеу.
Тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше сыныптауға құқылы.
Тауарларды сыныптау – қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН-ге сәйкес нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға, кiшi позицияларға жатқызу.
Тауарларды сыныптау негiзгi белгiлерге тауар атқаратын функция; тауар жасалған материал дегенге негiзделiп жүргiзiледi.
Бұл ретте, СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгi ережелерiн қолданумен ұқсатылған дәрежесiн және бөлiмдерге, топтарға (оның iшiнде тауар позицияларына ескертулердi қамтитын), субпозицияларға ескертулердi, сондай-ақ спецификалық сыныптау мәселелерiн шешуге қызмет ететiн қосымша ескертулердi есепке ала отырып, тауарлық шағын субпозицияға тауарларды бiрыңғай жатқызудың қағидаты сақталады.
Тауарларды сыныптау кезiнде кеден органдары тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлетiн мәлiметтердi, сондай-ақ қорытындыларды, анықтамаларды, экспорт елiнiң ЖКД-ны, сараптамалық ұйымдар беретiн, көмекшi (ақпараттық) сипатта болатын және тауарларды сыныптау кезiнде назарға алынатын сараптама актiлерiн пайдаланады.
Сондай-ақ, тауарларды сыныптау кезiнде Дүниежүзілік кеден ұйымы Үйлестiру жүйесi комитетiнiң Сыныптау пікiрлерінің компендиумы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң алдын ала сыныптау шешімдерiнiң базасы, Комитеттiң, Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң, Дүниежүзілік кеден ұйымының түсiндiрмелерi де пайдаланылады.
Сараптама жүргізiлген тауарларды сыныптау кезiнде кеден зертханасы немесе сараптама бөлiмi (бөлiмшесi) сарапшысының не тауарлардың тәуелсiз сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының тауарды зерттеулер нәтижесi туралы актiсінің (анықтамасының) қорытындылары назарға алынады.