ТАУЛЫ

lat: TAÝLY

сын. Тауы бар, тауы көп . Бірде олай ауытқып, бірде бұлай, Бір байламға келе алмай жүргенім-ай. Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалыда-төкпелі күндерім-ай! (2,141). Тамашалап жатыр-ау таулы мекен, Таулы мекен... Жаныммен баулып өтем. Бір уыс бұлт бір тамбай кетпеуші еді, Қарасуға қар жауып қалды ма екен? (2,215).