lat: TAÝSYLÝ
Таусыл етістігінің қимыл атауы.Біту, тамамдалу.
Жоңышқаның бір бүйірі опырылып таусылуға айналыпты (С.Нарымбетов, Тентек).
2. а у ы с. Күні жетіп, қайтыс болу.
Санаулы дем таусылуға таялып қалған еді (Е.Мыр захметов, Медет).
Жаңғырықтыру даусың тау, Өмірге кетпеу есең еш. Жиырма бес – құйып таусылмау, Таусылу – жиырма бес емес (Т.Ай бергенов, Мен саған.).
3. а у ы с. Қажу, тоқырау, шаршау.
Толқын – көңіл тоқырап таусылуы-ай, Тасып-тасып басылған тау суындай. Жетім жүрек жастықтың жұртында қап, Ұлиды кеп бөрінің қаншығындай (М.Мақатаев, Шығ.).