ТАҢҒЫ

lat: TAŃǴY

сын. Азанғы, таңертеңгі. Жүріп келем, таңғы сағат төрт кезі, Қанталап тұр қайсар таңның от көзі. Жадымда әлі жаздың таңы сол күнгі, Жалау ма әлде, жалын ба әлде шоқ па өзі?! (1,173). Сағынам ба түстерің, кештеріңді?! Жалаңаяқ таңғы шық кешкенімді. Өшкенімді білдірмей, өскенімді, Жүре бердім жамылып бөстегімді (3,198).