ТАҢҒЫШ

lat: TAŃǴYSH

з а т. 1. э т н. Керегелердің қоспаларын байланыстыратын тоқылған жалпақ құр. Керегелер т а ң ғ ы ш шандуынан шешіліп, олар да тарбиған қанаттарын жинап, жалпақ тақтайға ұсап ыңғайлана қалды (С.Бегалин, Шоқан асу.). Т а ң ғ ы ш киіз үйдің керегелерінің арасын қосатын жіп (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). 2. Бір нәрсені таңатын, байластырып буып тұратын зат. Екі солдат бөлмеге кірісімен тұтқынның көз т а ң ғ ы ш ы н шешіп, шығып кеткен еді (Ж.Тілеков, От кешу). Бірде Қожаның көршісі ешкінің сынған аяғын таңып отырады. Т а ң ғ ы ш шүберек сусып түсе береді (Қожанасыр хикая.).