ТАҢДАЙ ГАРМОНИЯСЫ

lat: TAŃDAI GARMONIaÁSY

Дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне қарай болатын езу үндестігі. Жіңішке дауыстыларды (езулілерді) айтқанда тіл таңдайға жуықтайды, яғни тіл мен таңдай арасындағы саңлау тарайды; жуан дауыстыларды (езулілерді) айтқанда, керісінше, тіл таңдайдан оқшауланып, тіл мен таңдай арасындағы саңлау кеңейеді.