ТАҒАМ

lat: TAǴAM

(ар. тағам طعام)   

1. Ас, тамақ.

Жанымды үшбу атқа құрбан қылдым, Жемеймін тіпті, сірә, енді тағам («Жүһүдтің баласы пайғамбарға ғашық болғаны». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Сейіттің жарасына дәру жақты, Тағам асап, ол Сейіт ұйықтап қалды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Шамас пір қапу ашты, үйге келіп кірді, Екісі тағам асап, мәжіліс қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Тағамдану тамақтану, ауқаттану.

Тағамданып алған соң ол Имлиха, Сұрайды келген-жүрген жөнін андан («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

Тағамданып, тойынып алғаннан соң, Көңілдерім хоштанып қалды менің («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

2. Түрлі тағамдардың ауызға білінетін дәмі.