ТАҒДЫР

lat: TAǴDYR

[ар. ] з а т. 1. д і н и. Құдіреттің жазуы, жазмыш; адам өміріндегі барлық оқиғалардың алдын ала белгіленуін білдіретін діни ұғым. Т а ғ д ы р адамды төмендетеді дер, т а ғ д ы р адамды машинаға айналдырады дер, бұлай деу адамның ішкі қасиеті барлығын білмегендік (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. миф. Кейбір діни-идеалистік фило софиялық жүйелерде дүниедегі және адам өміріндегі оқиғалардың, жағдайлардың, іс-қимылдардың адамға беймәлім жолмен алдын ала анықталып қоятынына сенім. Барлық әлемдік діндерде адам өміріндегі оқиғаларды Құдай (Абсолют) алдын ала анықтайды деген наным бар. Сондай-ақ т а ғ д ы р табиғаттың, қоғамның, тарихтың танылмаған санада игерілмеген жұмсақ заңдылықтары іспетті (ҚҰЭ). 3. Өмір, тұрмыс, тіршілік. Талпынғанмен т а ғ д ы р д ы бұра ала ма, Құдай қоспай, басымыз құрала ма. Аз күн қызық көрелік онан дағы, Бұл дәурен бір қалыпты тұра ала ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бәтеспен екеуміздің ілгергі күндері т а ғ д ы р ы м ы з қандай боларына көзім жетпейді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас, Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас. Сол тоймастық дүниені жамандатқан Сен сөкті деп т а ғ д ы р д ы қайта жоймас (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 4. а у ы с. Бір нәрсенің жай-күйі, келешегі, болашағы. Адам тұрмысының т а ғ д ы р ы н күн сайын құбылып, қайтаайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді (А.Байтұрсынов, Шығ.). Құрылтайдан басқа Россияның т а ғ д ы р ы н шешетін қожаның жоғын да білеміз. Құрылтайға шейін автономия болары жолында еткен қызметімізге ешкім көлденең келмесіне, мәдени-ұлт автономиясы шегінде қазақ-қырғыз үкіметі Алашорда екендігіне ешкім шүбә қылмасына сенеміз (М.Дулатов, Шығ.). Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман. Ажал алмай қоймайды ешкімді аман. Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе, Ол болмай ма т а ғ д ы р д ы жамандаған? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).