с ы н. 1. Жабайы, қолға үйренбеген (дала аңы, түз құсы). Т а ғ ы ешкілер, арқарлар, еліктер, бұғылар сияқты аңдар тауда табындап өретін еді (С.Мұқанов, Саяхат.). Көк т а ғ ы с ы енді оралмас деп күдер үзген шақта қанаты күнге шағыла жарқылдап, аспаннан сорғалап кеп иесінің қолына қайта қонғандай (Д.Әбілев, Арман.). // Жабайы, қолға үйретілмеген аң-құс. Қарағай, қайың, орман-сайы толған, Ақырған арасында т а ғ ы л а р ы. Топтанып киік, арқар орғып жүрген, Ежелден үйреншікті таудың малы (Д.Еркінбеков, Шығ.). 2. а у ы с. Көппен араласпай, бөлектеніп жүретін (басқаны жатырқайтын адам). Баланы басқа адамға асыратпа, Білгенше сылап-сипап өзің сақта. Жылы жүз ата-анадан көрмеген соң, Жүрмесін т а ғ ы болып өскен шақта (XX ғ. қаз. әдеб.). Екі иті атыменен жан жолдасы. Қатын жоқ, баласы жоқ, жалғыз басы. Т а ғ ы өскен болсадағы ол тас жүрек, Балаға ауып кетті ықыласы (Ш.Әбенов, Ортақ арал). 3. а у ы с. Мейірімсіз, қатыгез; зұлым, жауыз. Қара жүрек қаталдықтан, соқыр сенімнен туған т а ғ ы дәстүрдің түпкі сыры діни ырым-сырымда жатыр (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). // Мейірімсіз, жауыз адам. Енді мынау қарайсың тек, Дәрменің жоқ көзіңмен жеп. Арланасың, қорланасың Тұтқын болдым т а ғ ы ғ а деп (Қ.Аманжолов, Шығ.). 4. а у ы с. Даму жағынан артта қалған; надан, мәдениетсіз. – Сылқым мырзалар дала халқына бұратана т а ғ ы ел деп қана менсінбей қарайды (А.Сатаев, Дала күйлері). // Надан, мешеу халық. Өмірінде басын сұғып көрмегенмен, қазақтың қысқы үйін де, жазғы үйін де ол баяғы т а ғ ы л а р тұратын үңгірдей көретін (С.Мұқанов, Ботагөз).