ТАБАН

lat: TABAN

зат. 1. Аяқтың жерге тиетін, жер басатын бөлігі. Қалқиды, Қалқиды бұлт қазбауырлап, Шынымен келіп қалған жаз ба мынау!? Тоң ұрып табанымнан , үсік шалып, Ойпыр-ай, өліп қала жаздадым-ау (2,155). Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам, Табанға кірген шегеден, мыйыма қаққан сынадан (2,59). 2. Аяқ-киімнің адам табаны тиіп тұратын жері. Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап-сары жапырақтар жоғалуда. Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың, Жасыл бақ тоналуда, тоналуда (2,188). Нақ бір тірі адамнан кек алғандай Әшір суретті табанымен жаныштап жатыр (4,160).